Павлодардан он шақырым жердегі күре жолда Шымкенттен Ресейге бет алған автобус жүргізушісі дәл бұрылыста тізгінге ие бола алмаған. Жол жиегінен шығып кетіп, қалың қарға кептеліп қалыпты. Автобуста Өзбекстанның 20 азаматы бар екен. Олар Ресейге жұмыс іздеуге бара жатыр. Барлығы жақын маңдағы ауылдың мектебіне жайғастырылып, оларға ыстық тамақ пен түнейтін орын берілді.