Павлодарда 21 жастағы әйел дәретханада босанған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 21 жастағы әйел дәретханада босанған

Павлодарда 21 жастағы әйел дәретханада босанған

Павлодар қаласының маңындағы Энтузиасттар саябағы аумағында тұратын 21 жастағы азаматша өз үйінде мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Павлодар облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Любовь Ходырева хабарлады.

«1994 жылы туыған әйел үстіміздегі жылдың 13 қырүйекте өз үйінде мерзімінен бұрын босанып қалды. Жүктілік мерзімі — 34-35 апта. Ол қыз баланың анасы атанды. Нәрестенің салмағы — 3660 грамм, бойының ұзындығы — 54 см. Салмағы мен бойы бойынша сәби шала туылған емес деген қорытынды жасауға болады. Қазіргі таңда нәрестелердің патология бөлімінде жатқан бала дәрігерлердің жіті бақылауында», — дейді Л. Ходырева.

Айта кетерлігі, азаматша бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген және есепте тұрмаған болып шықты. Ол тұрғылықты жері бойынша №4 емханаға жатады. Агентікке ақпараттандырылған дереккөздің хабарлауынша, азаматша дәретханада босанған.


Соңғы жаңалықтар