Павлодарда 27 жастағы келіншек жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 27 жастағы келіншек жоғалып кетті

Павлодарда 27 жастағы келіншек жоғалып кетті

[wpcode id="1694287"] Павлодарда 27 жастағы келіншек жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодарда 27 жастағы Зарин

  • 13 Мамыр 2017
  • 453
Фото - Caravan.kz


Павлодарда 27 жастағы келіншек жоғалып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодарда 27 жастағы Зарина Құдайбергенова іздестіріліп жатыр.

Павлодарлық келіншектің жоғалып кеткені жайлы Instagram желісінде жарияланды. Зарина Құдайбергенова 22 сәуірде таңғы уақытта үйден кетіп, сол күйі оралмаған. "Сол күні мен жұмысқа кеттім, ал ол несиені, ұлының балабақшасына ақша төлеу үшін шықты. Кешке жұмыстан келсем қызым жоқ. Содан оның ұялы телефонына хабарластым. Ол құрбыларымен бірге дүкен аралап жүргенін және үйге келетінін айтты. Келесі күні мен оған қайта қоңырау соқтым. Ол болса құрбысының үйінде отырғанын айтты: "Мама, уайымдама, келемін". Осыдан кейін қызым байланысқа шықпады", — дейді жоғалып кеткен келіншектің анасы. Қазіргі уақытта Зарина Құдайбергенованың ұялы телефоны сөндірулі. Келіншекті үш жасар ұлы да күтіп отыр. "Немерем кішкентай, қатты уайымдап отыр, тамақ та ішпейді, ұйықтамайды. Жылай береді, анасын іздеп жатыр", — дейді әйел. Анасының айтуынша, қызы ұлын өзі тәрбиелеген. Мінезі жақсы, мейірімді. Анасымен ешқашан сөзге келіп қалған емес. Қазіргі уақытта жоғалып кеткен келіншектің ата-анасы полицияға арыз жазды. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылды. Зарина Құдайбергенованың белгілері: бойы 170 сантиметр, орта салмақты, қасы жұқа. Келіншек жоғалып кеткен күні ақ күртке, тізесіне дейінгі көйлекте және қара көк түсті етікте болған.

Соңғы жаңалықтар