Павлодарда 5,5 миллион теңгеге салынған дәретхана жұмыс істемей тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 5,5 миллион теңгеге салынған дәретхана жұмыс істемей тұр

Павлодарда 5,5 миллион теңгеге салынған дәретхана жұмыс істемей тұр

Павлодар қаласының тұрғындары 5,5 млн. теңгеге салынған дәретхана жұмысының тоқтап тұрғанына наразы.

  • 15 Мамыр 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Baq.kz порталы жазды.

Еске сала кетсек, облыс орталығындағы жағалауда орналасқан дәретхана мемлекет бюджетіне салынған. Былтырғы жылы қолданысқа берілген нысан қазіргі уақытта тоқтап тұр. Қыруар қаржы жұмсалған дәретханада ыстық және суық су, жылу, тіпті жарық та тартылған. Сондықтан қымбатқа түскен. Нысан күнбе-күн кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Тұрғындар, қаруар қаражат жұмсалған нысан тұралап қалса құнын ақтамайды деген пікірде.

Айта кетейік, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғаушы өкілдерінің айтуынша, 5,5 млн. теңгенің дәретханасын салу орынсыз шығын. Оның өз құнын ақтауы екіталай.

«Осындай «заманауи» дәретхана салғанша, қайырымдылықпен айналысқан жөн шығар. Қаламызда балалар үйлері, қарттар үйлері бар. Солардың қажеттіліктерін өтеген жөн», — дейді Павлодар қаласының тұрғыны Ақылбек Нұрсейітов.

Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, дәретхана кабиналарын жалға алған кәсіпкер райынан қайтып, нысанның есігін тарс жапқан. Оның өзіндің себебі бар: көктемде қар ерігенде нысан аумағындағы жер төмен түсіп кеткен.


«Төмен түсіп кеткен жерге топырақ төселіп, дұрысталды. Дәретхана құлап кете ме деп қорықтық, сондықтан жұмысы тоқтатылды. Нысан бірнеше күн ішінде іске қосылады», — дейді ведомствоның маманы Ержан Түсіпбеков.

Айта кетейік, дәретхана қызметі 50 теңге тұрады. Жұмсалған қаражаттың қашан ақталатыны белгісіз.

 

Соңғы жаңалықтар