Бұл туралы stan.kz жазады.
Оқушының анасы алкогольді ішімдіктер ішіп, мас күйінде туған қызын үйінен қуып жіберетін болған.
Бұл туралы Павлодар облысы кәмілеттік жасқа толмағанадар ісі бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың баспасөз қызметінен хабарланды.
“Қыз бала кәмілеттік жасқа толмағандарды оңалту орталығына жіберілген болатын. Ол жерде үш күн өткізгеннен кейін анасы оны алып кеткен. Алайда ол қызын қайтадан соққға жыққан. Мектеп әкімшілігі дәрігердің көмегіне жүгініп, одан кейін баланы медициналық тексерістен өткізді. Диагноз расталды: баланың басының шашы бар аймағында жұмсақ тіндері жарақаттанған. Жеткіншек анасынан үнемі соққы жейтінін мойындады. Одан кейін қыз бала қайтадан оңалту орталығына орналастырылып, соттың шешімі заңдық күшіне енгенге дейін сонда болды. Баланың құқығын қорғай отырып, сот анасын ата-ана құқығынан айырып, қызды қамқоршылық органдарына жіберді», – деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Сот шешімі заңды күшіне енді.