Тергеушілердің айтуынша, нәтижесінде халықаралық есірткі тасымалының бір арнасы жабылды. ҰҚК департаментінің ақпаратына сәйкес, Тараз-Павлодар-Новосибирск бағытында тасымалданған есірткі Ауғанстанда жасалған.
Қолға түскен Ақтөбелік зейнеткер әйелдің айтуынша, бейтаныс біреулер одан 500 долларға бірнеше дорбаны Тараздан Павлодарға жеткізіп беруді сұраған. «Дорбаларда не бар екенін білген жоқпын»,- деді әйел тергеу барысында.
Тауарды тосып алған 23 жастағы Қазақстан азаматы мен 50 жастағы Ресей азаматы да ұсталған әйелді танымаймыз деп мәлімдеуде.
Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.