Павлодарда 70 жастағы әйел 3 кило героинмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда 70 жастағы әйел  3 кило героинмен ұсталды

Павлодарда 70 жастағы әйел 3 кило героинмен ұсталды

ҰҚК-нің Павлодар облыстық департаментінің қызметкерлері 3 кило героин әкеле жатқан 70 жастағы әйелді ұстады. Сондай-ақ, тауарды күтіп алушы екі цыган еркек те қолға түсті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Наурыз 2004
  • 356
Фото - Caravan.kz

Тергеушілердің айтуынша, нәтижесінде халықаралық есірткі тасымалының бір арнасы жабылды. ҰҚК департаментінің ақпаратына сәйкес, Тараз-Павлодар-Новосибирск бағытында тасымалданған есірткі Ауғанстанда жасалған.

Қолға түскен Ақтөбелік зейнеткер әйелдің айтуынша, бейтаныс біреулер одан 500 долларға бірнеше дорбаны Тараздан Павлодарға жеткізіп беруді сұраған. «Дорбаларда не бар екенін білген жоқпын»,- деді әйел тергеу барысында.
Тауарды тосып алған 23 жастағы Қазақстан азаматы мен 50 жастағы Ресей азаматы да ұсталған әйелді танымаймыз деп мәлімдеуде.
Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар