Павлодарда адамдарды кепілдікке алған қатардағы жауынгердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.65
  • 544.64
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда адамдарды кепілдікке алған қатардағы жауынгердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда адамдарды кепілдікке алған қатардағы жауынгердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда қаңтардың 28-інен 29-ына қараған түні адамдарды кепілдікке алған қатардағы жауынгердің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 373-бабы, 2-тармағы бойынша қызмет бабымен сеніп тапсырылған қаруды алып әскерден қашу жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 3-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктеледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің Павлодар гарнизоны бойынша әскери-тергеу бөлімінен хабарлады.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 516
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодардағы 6679 әскери-бөлімде борышын өтеуші қатардағы жауынгер Денис Гайворовский 28-қаңтар күні кешкісін қызмет бабымен өзіне сеніп тапсырылған 20 оғы бар Калашников автоматын алып, АП 162/2 түзету мекемесінің күзетінде тұрған жерінен кетіп қалған. Бұдан кейін қатардағы жауынгер қаланың «Восточный» ақшамауданында орналасқан «Ніл» дүкенінде біраз адамды кепілдікке алды. Павлодар қаласының билік өкілдері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерімен келіссөздер барысында жауынгер кепілдіктегі адамдардың орнына «Макаров» үлгісіндегі тапанша мен спорттық аяқ киім талап етті. 29-қаңтарда түнгі сағат 1-де қатардағы жауынгер полицияға келіп өзі берілді.

Қазір Д.Гайворовский Павлодар қалалық полициясының Солтүстік бөліміне қарасты уақытша тергеу қапасында отыр. Қылмысқа ресми айыптау жарияланғаннан кейін оны тұтқындауға санкция берілмек.
ҚР ІІМ-нің Павлодар гарнизоны бойынша әскери-тергеу бөлімінен хабарлағанындай, жауынгер өткен жылы да өз білермендігімен бөлімшені тастап шығып, бір тәуліктен кейін кері оралғандықтан, оған қылмыстық жауапкершілік жүктелмепті. Осы оқиғадан кейін жауынгер Павлодардағы психиатриялық ауруханаға тексеруге жіберілген, бірақ ондағы дәрігерлер жігітті сау деп тапқан. Бұл оқиғадан кейін ол 6679 әскери бөлімшеге қарасты нысандарды күзетуден шеттетіледі. Алайда, өткен жылдың соңында шектеу алынып, борышын ойдағыдай атқара бастаған жігіт тіпті ҚР Қарулы күштерінің «Қайсар» төс белгісімен марапатталыпты.