Павлодарда адамдардың кондитерлік өнімнен жаппай улануына себепкер болған цехтың алдағы жұмысы туралы шешімді сот шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда адамдардың кондитерлік өнімнен жаппай улануына себепкер болған цехтың алдағы жұмысы туралы шешімді сот шығарады

Павлодарда адамдардың кондитерлік өнімнен жаппай улануына себепкер болған цехтың алдағы жұмысы туралы шешімді сот шығарады

Бүгін, 30-қарашада адамдардың кондитерлік өнімнен жаппай улануына себепкер болған кондитерлік цехтың әкімшілік құқық бұзушылық дерегіне қатысты материалдар Павлодар қалалық сотына табыс етіледі деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментінен хабарлады.

  • 30 Қараша 2004
  • 711
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қарашаның 28 мен 30 аралығында Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан улану салдарынан 40 адам, соның ішінде 21 бала жатқызылған. Жеңіл уланған бес адам сырттай емделіп жүр. Павлодардағы Крупская көшесі, 76-үйде орналасқан кондитерлік цехта өндірілген «Балдан жасалған» және «Ұлу» атты тәтті тоқаш өнімдерін тұтыну адамдарды жаппай улануға апарып соқты.

29-қараша , дүйсенбіде облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің қызметкерлері цехтың жұмысын үш күнге тоқтатты. Сот осы мерзім ішінде цех жұмысына қатысты шектеу шаралары туралы ақырғы шешім шығаруы тиіс.
Сондай-ақ, кеше бұған дейін цех өнімдері жеткізілген Павлодардағы 11 сауда орнынан салмағы 70 кило 120 граммға жететін кондитерлік өнімдер тәркіленді. Цехтың жалпы өнімділігі тәулігіне 100 килоны құрайды, цех өнімдері 34 сауда орнына таратылады.
Облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментінен хабарлағанындай, цехта тексеру жүргізіліп, дайын өнім мен шикізаттан бактериологиялық сынамалар алынып, қызметкерлер мен цех бөлмелері тексерілді. Бактериологиялық зерттеулер қорытындысы 2-3-желтоқсанда дайын болады деп күтілуде. Департаменттегілер улануға негізінен шикізат, нақты айтсақ, жұмыртқа себепкер болып, соның салдарынан зардап шеккендер жаппай сальмонеллезбен ауырған деп бағамдайды. Осыған байланысты таяу уақыттарда облыстағы барлық 28 кондитерлік цех зертхалалық бақылау әдістерін пайдалану арқылы жаппай тексеруден өткізілмекші. Бұған қоса облыстағы Шербақты және Ақсу құс фабрикалары да тексеріледі.
Павлодар облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментінен хабарлағанындай, адамдардың кондитерлік өнімнен жаппай улану дерегіне қатысты ақпарат ішкі істер органдарына тапсырылды.

Перейти к новостям спорта