Павлодарда әділет басқармасында бөлім бастығының міндетін атқарушы пара алып жатқан жерінен қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда әділет басқармасында бөлім бастығының міндетін атқарушы пара алып жатқан жерінен қолға түсті

Павлодарда әділет басқармасында бөлім бастығының міндетін атқарушы пара алып жатқан жерінен қолға түсті

Павлодарда әділет басқармасында бөлім бастығының міндетін атқарушы пара алып жатқан жерінен қолға түсті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Шiлде 2003
  • 618
Фото - Caravan.kz

Әділет басқармасында өзінен пара талап етіп отырғанын айтып бір кәсіпкер облыстық ішкі істер басқармасына шағым түсіреді. Бұл өтініш Павлодар облыстық ішкі істер басқармасының 9-басқармасына жолданады. Сөйтіп әділет басқармасы бөлімдерінің бірінде бөлім бастығының міндетін атқарушы болып шыққан әлгі парақор дәл ақша алып жатқан жерінен қолға түсті. Сөйтсе ол құжаттарды жедел тіркетіп беру үшін кәсіпкерден 6 мың теңге талап еткен көрінеді.

Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «Пара алғандығы үшін» деген 311-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Павлодар облыстық ішкі істер басқармасы 9-басқармасының бастығы Хафиз Жәншібековтың айтуынша, жыл басынан бері парақорлығы үшін айыпталып 8 мемлекеттік қызметкер полицияның құрығына іліккен көрінеді. Осындай соңғы қылмыстық іс бір ай бұрын кеден қызметкерінің үстінен қозғалыпты.

Соңғы жаңалықтар