Тұрғындар бір апта бойы Астана, Қарағанды, Өскемен, Талдықорған, Семей және Павлодар қалаларының өнер ұжымдары дайындаған қойылымдарды тамашалай алады. Өнер бәйгесіне төрелік жасауға ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әшірбек Сығай арнайы келді, деп хабарлайды 24.kz.
Театр фестивалінің салтанатты ашылуынан кейін көрермен назарына Павлодар облыстық Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры дайындаған «Ар алдаспаны — Аймауытов» драмасының премьерасы ұсынылды.
«Кемеңгер тұлғаларымыз Жүсіпбек Аймауытов, Жұмат Шанин, Шәкен Аймановпен біз мақтанамыз. Олар — өнердің басында тұрған азаматтар. Барлығы осы өңірден шыққан», — деді ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов.