Оның айтуынша, күдіктіге Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер бөлімі 1995-жылдың қаңтар айында іздеу жариялаған. Тұтқынның ағасы басқарған «Қазақстан» атты фирмада жұмыс істеп жүрген кезде әйел Германиядағы бір ірі банктен 10 млн. доллар көлеміндегі несиені заңсыз алып кеткен. Ақшаны алу үшін әйел қитұрқы тәсілмен Қазақстан Ұлттық банкінің кепілдігіне ие болған, деп хабарлайды полиция. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, несие автокөліктерді сатып алуға арналыпты. Алайда, ақшаны алған әйел ізін жасырып кеткен.
Алаяқ әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан кейін Павлодарда ұсталды. Полицияның хабарлауынша, әйел басқа атпен жасырынып жүрген. Сонымен бірге күдікті Павлодар облысындағы бір ауылдан өзінен айнымайтын адамды тауып алыпты. «Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл ақпарат бойынша күдікті болуға тиіс жерге келген кезде оның орнына әлгі мекен-жайдан іздеудегі әйелге өте ұқсас бір әйелді тапқан»,- дейді Т.Арынов.
Әйел әкімшілік қызметкері болып істеп жүрген жерінен Павлодардағы бір мейрамханада ұсталды. Тұтқынға қатысты іс қылмыс жасалған жер — Алматы қаласында тексеріледі. Күдікті осыған байланысты жуырда Алматыға жіберілмекші.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті