Жарияланды: 410

Павлодарда алдау арқылы басқаның ақшасын иемденіп алған алаяқ ұсталды

Павлодар. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарлық тәртіп сақшылары алдау арқылы басқаның ірі көлемдегі ақшасын иемденіп алған алаяқ әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицияға шағымдана келген жәбірленушілер күдіктінің алдау арқылы оларды түрлі банктерден несие алып, ақшаны оған беруге мәжбүрлегенін жеткізген. Бірақ ол несиені өзі қайтаруға уәде берген", - деді ІІД баспасөз қызметінің бастығы, полиция майоры Жанар Біләлова. Департаменттің хабарлауынша, "осы жылдың басында жәбірленушілерге банктерден хабарландырулар келе бастаған, соған сәйкес күдіктінің несиені қайтаруға ешбір әрекет жасамағаны белгілі болған". Алдын-ала мәліметке сәйкес, алаяқтың әрекеттерінен 20 адам зардап шеккен. Алынған несиенің көлемі 1 млн 300 мың теңгеге жеткен. Жуырда жүзеге асырылған жедел іздестіру шараларының барысында күдікті қолға түсті. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2, 3-тармақтары бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер алаяқтан зардап шеккен адамдардың тізімі ұлғая түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олар кешікпей алаяқ әйелдің суретін жергілікті БАҚ-тарда жария етпекші. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін