Павлодарда «Әлем Барысы» турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Әлем Барысы» турнирі өтеді

Павлодарда «Әлем Барысы» турнирі өтеді

Дүниежүзінің апайтөс алыптары Қазақстанда айқасады. Тура бір айдан кейін Павлодарда «Әлем Барысы» турнирі өтеді. Ертіс жағасындағы бәсекеде 32 мемлекеттің балуандары бақ сынамақ.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 249
Фото - Caravan.kz


Арман Шораев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы:

-Біз нақты кім келетінін айта алмаймыз. 1-ші орынға мысалға, 100 мың доллар жүлде қоры тігіледі. Бұл  өте қомақты сома.  Олимпиада жүлдегерлері, Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері дзю-додан, самбодан, грек-рим күресінен сол жігіттер бізге шығып жатыр.С олар келетін болады.

Қазақстанның атынан бұған дейінгі елішілік турнилерде жауырыны жерге тимеген төрт Барыс қатысады. Халықаралық турнирдің талабы бойынша тартысқа түсетін палуандардың салмағы 90 келіден кем болмауы тиіс. Ал, жер жаһаннан келетін қара күш иелерінің басын қосатын жарыстың Керекуде өткізілуі бекер емес. Өйткені, еліміздің оңтүстік аймағына қарағанда дәл осы солтүстікте алыптар айқасы кенже қалған. Қазақ күресіне қатысты тағы бір жаңалық. Олимпиада ойындарының қатарына қосылу үшін  күрестен «қазақ» деген тіркес алынып тасталуы мүмкін. Өйткені, ұлттың атауы халықаралық талаптарға қайшы келеді екен. Тек күрес деп ұсына алатын көрінеді. Өз арамызда қазақ күресі боп қала береді деген ұйымдастырушылар, оған бола даурықпауға кеңес береді. Қазіргі басты мақсат ұлттық спортты Олипиада ойындарына іліктіру.