Раушан Төлебаева, Павлодар қаласының тұрғыны:
— Орташа халықты ойлау керек азаматтар — Үкіметте неге отыр?! Еңбекақылары олардың жоғары қара халыққа қарағанда, олардың қарындары ашпайды, қарапайым азаматтарды олар ойлау керек.
Ал жеке меншік наубайханалар бұл жағдайды пайдаланып, өз өнімдерінің бағасын шарықтатып жіберген. Қаланың әлеуметтік дүкендердегі басқа нанның бағасы 60-65 теңге. Кей жерлерде ас атасының құны 70-80 теңгеге дейін жеткен. Жеңілдетілген баға бойынша сатылатын нанның тапшылығы өткен аптадан сезіле басталды. Ұнның жоқтығын сылтауратқан наубайхана дүкендерге жеткізетін өнім көлемін 2-3 есе қысқартқан. Нан тапшылығы туралы жағдайды ақыры шенеуніктер түсіндірді. Үкімет Павлодар диірменшілерін бидайды тұрақты қордан емес, енді Солтүстіктегі элеваторлардан алу керек деп міндеттепті. Нан өндірісінің кідіріп қалғаны да содан екен. Десе де, бір-екі күн ішінде жағдай түзеледі деп уәде берді.
Нұржан Әшімбетов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
— Былтырғы жылдары солтүстік облыстарда бидай элеваторларында орын болмай қалды. Уақытында бидайды басқа жерге жібере алмады. Ауыл шаруашылық министрлігі солтүстіктегі элеваторларды босату үшін келесі науқанға дейін осындай жұмысты жасап жатыр.