Павлодарда "Аманчик" деген лақап аты бар қылмыскерлердің серкесі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Аманчик" деген лақап аты бар қылмыскерлердің серкесі ұсталды

Павлодарда "Аманчик" деген лақап аты бар қылмыскерлердің серкесі ұсталды

Павлодарда "Аманчик" деген лақап аты бар қылмыскерлердің серкесі ұсталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 429
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтқындау шарасын ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүзеге асырды. Тұтқынның қалтасынан 4 оғы бар тапанша табылды, қарудың номері кесіп тасталған екен.

Полиция жазбаларына жүгінсек, 32 жастағы «Аманчик» Павлодардағы қылмыскерлер әлемінің серкесі болумен бірге, еліміздің басқа да аймақтарындағы қылмыскерлермен тығыз байланысы бар атышулы қылмыскер.
Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзінің мәліметіне жүгінсек, 2000-жылы Аманчик қорқытып ақша алу жөніндегі іс бойынша іздестірілген. Алайда ол ұзақ уақыт бойы ұстатпай кетіпті.
Облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бұл «қылмыс әлеміндегі ірі фигураны » ұстауға қатысты еліміз бойынша биылғы алғашқы оқиға болмақ.

Соңғы жаңалықтар