деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.
Балалар суретінің халықаралық конкурсына Павлодар облысының көркемсурет мектептері мен студияларының және Ресейдің Чебоксары қаласындағы №4 сурет мектебінің жас шеберлері қатысты және олардың туындылары Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналды.
Екі елдің жас дарындарының арасындағы мәдениетаралық диалогтың жалғасқанына біраз жылдың жүзі болды. Павлодардың №1 көркемсурет мектебі мен Чувашияның жас суретшілері жыл сайын өзара көрмелер өткізіп отырады.
Биылғы «Ақбота» конкурсының бас жүлдесін Павлодардың №1 көркемсурет мектебінің оқушысы Анжелика Жанжігітова иеленді, оған көркемсурет мектебінде тегін оқуға мүмкіндік беретін сертификат табыс етілді. Қазылар алқасы сондай-ақ екібастұздық Әділет Жұмағалиевтің, баянауылдық Ксения Степанцованың, майқайыңдық Дария Наурызбекованың және конкурстың тағы 28 лауреатының ерекше жұмыстарын атап өтті. Лауреаттар мен олардың оқытушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.