Павлодарда ақша айырбастау бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ақша айырбастау бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды

Павлодарда ақша айырбастау бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды

Павлодарда "Валют Транзит Банкі" филиалының ақша айырбастау бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалып, тоналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ішкі істер департаментіндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 21 Қазан 2005
  • 569
Фото - Caravan.kz



20-қазан, бейсенбіде кешкі сағат 18 шамасында ақша айырбастау бөлімшесінің мекен-жайына бір еркек келіп, кассир әйелге ірі көлемдегі теңгені долларға айырбастаймын деп хабарлаған. Қолма-қол ақшаны кассирге берген әлгі шетел валютасының жақсы жағдайда болуын талап еткен. Осыдан кейін кассир долларларды сұрыптап жатқан кезде әлгі еркек кенеттен оған тапанша кезеніп, бар ақшаны толық беруді талап еткен. Дабыл тетігін басып үлгермеген әйел ақшаны ұстата салған. Шабылшы осыдан кейін ізін жасырды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, тонаушы ақша айырбастау бөлімшесінен 3 мыңдай доллар алып кеткен.
Қазір тәртіп сақшылары шабуылшыны іздеп жатыр.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта