Павлодарда «Ақылды аялдама» пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Ақылды аялдама» пайда болды

Павлодарда «Ақылды аялдама» пайда болды

Жақында Павлодар қаласының екі аялдамасында «Ақылды аялдама» ақпараттық көрсеткіш тақта орнатылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.  

  • 4 Қазан 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz

GSM(GPRS) ұялы жүйе арнасы бойынша көрсеткіш тақтада көлік құралдары қозғалысының бағыты бойынша (бағыт нөмірі, көлік құралының соңғы аялдамасы, көліктің келу уақыты, сондай-ақ сол сәттегі дата мен уақыт), сондай-ақ ауа температурасы туралы ақпарат көрсетіліп тұрады. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы 6-ы қоғамдық көлік аялдасында (сауда орындары мен мәдени ошақтардың маңайына) «Ақылды аялдама» ақпараттық көрсеткіш тақталарын орналастыру жоспарлануда.

Осындай жүйелерді пайдалану халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартумен бірге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.