Аялдамада тұрған №5 маршрутты автобустың жүргізушісіне таяп келген бір маскүнем автобустың терезесіне бос бөтелке лақтырып, жүргізуші мен жолаушыларды қорқытып, арақ талап еткен. Сынған терезе әйнектерінен жарақаттанған жүргізуші бұзақыны жолаушыларды босатуға көндіріп, оны автобекеттегі бір кафеге апаруға уәде береді. Осы ортада ол әлдебір жолаушыға өзінің бет алған бағыты туралы хабарлап үлгереді. Сөйтіп, автобекетте жолы болмаған басқыншыны полицейлер жасағы күтіп алды.
Полицейлердің айтуынша, автобуста тек ересектер ғана емес, балалар да болған. Бір қуанарлығы, бұл оқыс оқиға аман-есен аяқталды.