Павлодарда әскери бөлімшеде өрт болды
Павлодарда сәрсенбіге қараған түні 5512 әскери бөлімшесінің аумағында өрт болды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ТЖ департаментінен. |
Ақпаратқа қарағанда, әскери техника тұрған бокстар өртенген. "Техниканы алып шығып үлгердік", деді департаменттен.
Шамамен жергілікті 03:00 сағатта басталған өрт 300 шаршы метрге таралған.
Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, деп атап өтті департаменттен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін