Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті тұтқындалды

Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті тұтқындалды

Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады

  • 29 Наурыз 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Павлодарда ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

"2021 жылғы 28  наурызда Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс контейнерінің жанында зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды", — деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды.


Осы қылмысты жасаудың мән-жайлары мен шарттары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.