Павлодарда бағыттық шағын автобус жолаушысы балалы әйелді соққыға жыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бағыттық шағын автобус жолаушысы балалы әйелді соққыға жыққан

Павлодарда бағыттық шағын автобус жолаушысы балалы әйелді соққыға жыққан

Павлодарда бұзақылыққа барды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бүгін бағыттық автобуста бір ер кісі кішкентай баласы бар әйелге аузына келгенін айтып, тиіскен, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әйел оған ескерту жасаған кезде, ер адам әйелді үш жасар баласымен қосып итеріп жіберген. Әйел баласымен бірге құлап, терезеге басын ұрып алған және дене жарақаттарын алған.
Автобус жолаушылары полиция мен «жедел жәрдем» шақырған.
Дәрігерлер зардап шеккен ана мен балаға көмек көрсеткеннен кейін, үйлеріне қайтарған, ал полиция қызметкерлері бұзақыны тұтқындады.

Соңғы жаңалықтар