Павлодарда балабақша тәрбиешісіне баланың көзін көгерткені үшін айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда балабақша тәрбиешісіне баланың көзін көгерткені үшін айыппұл салынды

Павлодарда балабақша тәрбиешісіне баланың көзін көгерткені үшін айыппұл салынды

Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты N12 балабақшаның 25 жастағы тәрбиешісіне бес жасар баланың денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін айыппұл салды.

  • 15 Қараша 2013
  • 443
Фото - Caravan.kz

Балабақша тәрбиешісі 79-3 бабы бойынша (денсаулыққа зиян келтіру) заң бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекет пайдасына 50 АЕК мөлшерде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік дазаға тартылды.

Іс материалына сәйкес, тәрбиеші кішкентай баланың тақиясын түзетпек болған кезде қолы бетіне тиіп кетіп жеңіл жарақаттаған.

Тәрбиеші баланың тақиясын түзеткенде мұқият болғанын, оған қолы қатты тиюі мүмкін емес екенін айтады.