Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші "қорғандым" деп ақталған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші "қорғандым" деп ақталған

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші "қорғандым" деп ақталған

 

  • 5 Желтоқсан 2019
  • 35
Фото - Caravan.kz


Павлодар Әкімшілік соты жергілікті балабақшалардың бірінде бес жасар баланы ұрған тәрбиешіге қатысты істі қарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәрбиешінің үстінен баланың анасы Эльмира Тасыбаева шағым түсірген. Сот тәрбиешіні әкімшілік құқық бұзушылық жасадыдеп таныды. Ол бес тәулікке қамауға алынды. Ал тәрбиеші бұл әрекетін "тынышы қашқан баладан қорғандым" деп түсіндірген. Жәбірленушінің денесінің көгергенін және аяғы мен қолынан қан аққанын байқаған анасы ауруханаға апарған. Дәрігерлер баланың денесінен бірнеше гематома белгілерін байқаған. Баланың денесінде соққы іздері болғанын сот-медициналық сараптама да растады. Сонымен қатар, тәрбиешінің балаға қол көтерген сәті балабақшадағы бейнебақылау камераларына да түсіп қалған. Баланың анасы шағым түсіргеннен кейін балабақшадағылар кешенді тексеріс жүргізген. Тәрбиеші ерсі қылығы үшін қызметінен босатылды. Жұмыстан кету туралы арызды балабақша директоры жазды.
 

Соңғы жаңалықтар