Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушілері жұмысқа жегілген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушілері жұмысқа жегілген

Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушілері жұмысқа жегілген

Павлодарда жетімдер үйінің үш тәрбиеленушісі түнде дүкен мен мейрамхана күзетіп, нәпақа тауып жүр. Кәмелет жасына толмаған жеткіншектерді жұмысқа жергілікті кәсіпкер алыпты. Және мұны балалар үйінің басшылығымен келісе отырып істеген. Жалпы өз беттерінше еңбек етіп, ақша тапқысы келген балалардың саны жаз басталғалы 20-дан асып отыр.

  • 21 Шiлде 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

Павлодарда жетімдер үйінің үш тәрбиеленушісі жазғы демалысын жұмыс істеп напақа табумен өткізуді жөн санапты. Орайы келіп, жұмыс беруші де табылды. Бозбалаларды жергілікті кәсіпкер мейрамхана мен дүкенін түнгі уақытта күзетуге қойған. Оларды кешқұрым интернаттан алып кетіп, таңғы сағат сегіздерде әкеліп отырған. Бұл еңбектің ауыр түрі әрі қауіпті мамандықтардың біріне жатады. Оқыс жағдай бола қалса түн ішінде балаларға кім көмектеседі дейді тәртіп сақшылары. Дегенмен жетімдер үйінің басшысы мұнымен келіспейді.

Анар Әбішева, «Жас дәурен» жеткіншектер үйінің директоры:

-Балалардыңқұқығы бұзылған жоқ. Себебі екі жақ еңбек келісім-шартын жасасқан. Онда балалардың жұмыс сағаттары да көрсетілген. Ал бозбалалардың көше кезіп, қылмысқа ұрынғанынан гөрі жұмыс істегендері дұрыс деп санаймын.

Интернаттың тәрбиеленушілері болса «нысандарды күндіз ғана күзеттік, дәл сол түні ауысымға шықпай қалған адамның орнына жұмыс істедік » деп отыр.


Ренат, «Жас дәурен» жеткіншектер үйінің тәрбиеленушісі:

-Өзімжұмыс істеуге құлшыныс білдірдім, ақша керек болды. Өз еркіммен сол жұмысқа орналастым, айлығы да жаман емес.

Зіңгіттей жігіттердің ерте еңбекке араласа бастағаны дұрыс-ақ. Дегенмен заң оларға күніне небәрі 3 сағаттан артық жұмыс істеуге ғана құқық береді. Оның үстіне кәмелет жасына толмағандарға материалдық жауапкершілік бар жерде жұмыс істеуге тыйым салынған. Ал мектеп оқушыларының жазғы демалысы басталғалы 20 жеткіншектің ауыр жұмысқа жегілгендігі анықталды. Олар белгіленген сағаттан артық әрі денсаулығына зиян келтіретін кәсіпорындарда тер төккен. Енді заңды өрескел бұзған жұмыс берушілер де, балаға бас-көз болуы тиіс жетімдер үйінің басшылығы мен ата-аналар да жауапқа тартылады.  

Соңғы жаңалықтар