Павлодарда «Балаларға күлкі сыйла!» фотокөрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда «Балаларға күлкі сыйла!» фотокөрмесі ашылды

Павлодарда «Балаларға күлкі сыйла!» фотокөрмесі ашылды

Кеше Павлодарда «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының түлектері «Балаларға күлкі сыйла!» фотокөрмесін ашты.

  • 11 Ақпан 2012
  • 568
Фото - Caravan.kz

Экспозицияға белгілі қазақстандық фотошеберлердің балалардың жымиған сәтін түсірген 30-дан астам суреті қойылған.

Олардың ішінде көрменің басты қонақтары — облыс орталығындағы интернат үйлері мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де бейнеленген.

Олар үшін көңілді ойындар, сұрақ-жауап және клоундардың қатысуымен конкурстар ұйымдастырылды.

«Балаларға күлкі сыйла!» акциясын ұйымдастырушылар әр адамның өміріндегі басты құндылық — сүйіспеншілік, адамгершілік, ізгілік екенін ұқтырды.

Көрмені ұйымдастырушылар балалар үйлеріне авторлық суреттерін сыйға тартты.