Жарияланды: 420

Павлодарда «Балауса-2013» атты мектеп фестивалі ашылады

Бүгін Павлодар қаласында «Балауса-2013» атты мектеп шығармашылық фестивалі басталады,

деп хабарлады білім бөлімінің жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығынан. Қаладағы бұрыннан келе жатқан байқаулардың бірі ең талантты балаларды жинайды. Биылғы жылы байқау бес аталым бойынша өтеді - «Бағдарламаның жүргізушісі», «Халық аспаптары оркестрі», «Вокал», «Хореография», «Біртума жанр». Әншілер байқауына дуэт, трио, квартет, вокалдық ансамбльдер, шоу-топтар мен ән театрлары қатысады. Ұйымдастыру комитетіне қаладағы барлық мектептер мен мектептен тыс мекемелерден, балалар үйлері мен интернаттардан жүзге жуық өтінім келіп түсті. Өнер бәсекесіне мыңнан астам жас әртістер қатыспақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін