Павлодарда барымташылар ұрланған малдың тең жартысын сойып сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда барымташылар ұрланған малдың тең жартысын сойып сатып жіберген

Павлодарда барымташылар ұрланған малдың тең жартысын сойып сатып жіберген

Ал павлодарлық барымташылар Красноармейка ауылындағы шаруаны бір түнде тақырға отырғыза жаздады. Ұрылар оның 70 қойы мен 20 сиырын айдап әкеткен.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 151
Фото - Caravan.kz

Ұсталған 3 қарақшының бірі 60-ты алқымдапты. Оларға тонауға жарайтын қоражайды көрсетіп берген 27-дегі сыбайласы мал иесінің танысы боп шықты. Ұрланған малды бұлар Павлодар маңындағы базада ұстап келген. Барымташыларды құрықтаған кезде  90 бас жануардан тек 40 қой ғана қалған. Қалғанын сойып, сатып жіберген. Ал қылмыстық топты қалай қолға түсіргендерін полицейлер ашып айтпай отыр.

Қабидолла Тезекбаев, шаруа:

-Ұрлаған кісі белгілі кісі ғой. Қасымда амандасып, нетіп жүрген кісі. –Қалғандарын танымайсыз ба?

-Қалғандарын білмеймін. Мен қуаныштымын ұстағанына. Красноармейкада ұрлық тыйылады деп сенемін енді. 

Соңғы жаңалықтар