Caravan Logo

Павлодарда барымташылар ұрланған малдың тең жартысын сойып сатып жіберген

Павлодарда барымташылар ұрланған малдың тең жартысын сойып сатып жіберген

Ұсталған 3 қарақшының бірі 60-ты алқымдапты. Оларға тонауға жарайтын қоражайды көрсетіп берген 27-дегі сыбайласы мал иесінің танысы боп шықты. Ұрланған малды бұлар Павлодар маңындағы базада ұстап келген. Барымташыларды құрықтаған кезде  90 бас жануардан тек 40 қой ғана қалған. Қалғанын сойып, сатып жіберген. Ал қылмыстық топты қалай қолға түсіргендерін полицейлер ашып айтпай отыр.

Қабидолла Тезекбаев, шаруа:

-Ұрлаған кісі белгілі кісі ғой. Қасымда амандасып, нетіп жүрген кісі. –Қалғандарын танымайсыз ба?

-Қалғандарын білмеймін. Мен қуаныштымын ұстағанына. Красноармейкада ұрлық тыйылады деп сенемін енді. 

Loading...