Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунікті жұмыстан босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунікті жұмыстан босатты

Павлодарда бас дәрігермен төбелескен шенеунікті жұмыстан босатты

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шенеунігін бас дәрігермен төбелестен кейін жұмыстан босатты.

  • 10 Қаңтар 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысындағы денсаулық сақтау басқармасының қызметкеріне қатысты Павлодардағы ауруханалардың бірінің бас дәрігерін соққыға жығуына байланысты қызметтік тергеу шараларының қорытындысы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Осы дерекке қатысты қызметтік тергеу аяқталды. Шахмардановтың әрекетінде мемлекеттік қызметкердің тәртіп кодексін бұзу деректері анықталды. Денсаулық сақтау басқармасының тәртіптік комиссияның шешімімен оған сөгіс жарияланды. Қазіргі уақытта ол басқарма басшысының бұйрығымен берілген өтінішке байланысты жұмыстан босатылды", — деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 

Былтыр Павлодар әкімшілік соты шенеунікке 10 АЕК (24 050 теңге) айыппұл салды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасының қызметкері соққы жасағаны туралы мойындаған жоқ.  Айта кетейік, бұл оқиға 14 қарашада Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында болды. Медициналық қызметкерлермен өткен жиналыстан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Нариман Шахмарданов № 3 қалалық ауруханасының басшысы Мәрлен Ахметовпен төбелескен. Төбелес салдарынан екеуі де ауруханаға түскен. Шахмардановтың миы шайқалған, ал Ахметовтің қабағы жарылған. Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрылды.