Танымал әдебиетші, аудармашы, 20 фильмнің режиссері және 20 поэзиялық жинақтың авторын аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Ақын өз ортасында да сыйлы, оның шығармашылығын шет елдерде де бағалайды, оған кітаптарының әлемнің 20 тіліне аударылып басылуы дәлел.
Б.Қанапиянов ядролық сынаққа қарсы күрес тақырыбына қалам тартқан бірінші ақын. Ол Чернобыль апатының салдарын жоюға атсалысқан, өзінің «Аист над Припятью» кітабында сол уақытты өте жақсы жазып көрсетеді.
Ол Қазақстанда алғаш болып «Жібек жолы» атты тәуелсіз баспа үйін ашып, сонымен қатар орыс оқырмандары үшін қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына жол ашқан. Ақынның талантына бас иетін оқырмандар оның мерейтойлық кешінде «Қанапиянов аудармаларына Абай, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім өлеңдері де арқау болғандығын» атап өтті.
Павлодардың жас музыканттары мерейтой иесі үшін концерт қойды.