Жарияланды: 360

Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 4 қарашада Павлодар қаласындағы Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйде сағат 22.00-де бір пәтердегі 35 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 77 жастағы ер адам мен 71 жастағы кейуананың мәйіті табылды. Сонымен бірге, өрт салдарынан 48 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін