Қайғылы оқиға 13-сәуір күні кешкісін Кутузов көшесінде болған. Алдын-ала болжам бойынша «Жигули» болуы мүмкін деп жорамалданған беймәлім автокөлік жүргізушісі 45-50 жастар шамасындағы қарт әйелді қағып кеткен.
Жол ортасында жығылып жатқан әйелге де қарамастан, жүргізуші ізін жасырып үлгерген. Бұдан кейін әйелді 21 жасар Павлодарлық айдаған «Волга» автокөлігі мен 20 жасар тағы бір жігіт мінген «Газель» автокөліктері қағып өтті. Бұлар да оқиға орнынан қашып кетеді.
Жол апатынан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.
Жол полициясының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «Волга» мен «Газельдің» жүргізушілері ұсталып, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазір жол апатына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі іздестірілуде.