Павлодарда бір әйелді таптап өткен үш бірдей автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бір әйелді таптап өткен үш бірдей автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Павлодарда бір әйелді таптап өткен үш бірдей автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Павлодарда бір әйел үш бірдей автокөлікке тапталып мерт болды. Үш көліктің жүргізушісі де оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 367
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 13-сәуір күні кешкісін Кутузов көшесінде болған. Алдын-ала болжам бойынша «Жигули» болуы мүмкін деп жорамалданған беймәлім автокөлік жүргізушісі 45-50 жастар шамасындағы қарт әйелді қағып кеткен.

Жол ортасында жығылып жатқан әйелге де қарамастан, жүргізуші ізін жасырып үлгерген. Бұдан кейін әйелді 21 жасар Павлодарлық айдаған «Волга» автокөлігі мен 20 жасар тағы бір жігіт мінген «Газель» автокөліктері қағып өтті. Бұлар да оқиға орнынан қашып кетеді.
Жол апатынан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.
Жол полициясының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «Волга» мен «Газельдің» жүргізушілері ұсталып, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазір жол апатына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар