Адам тонаушы өзі айтқан жерге уағдалы мерзімде төлем құнын алуға келген жерінен полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қыз қамаудан босатылды. Аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Осы аптада Павлодар облысында тағы бір осындай оқиға болып, 1987-жылы туған қыз кепілдікке алынды. Қылмыскерлер оны бір жай үйде екі күн бойы қамауда ұстап, төлем ретінде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша да тергеу амалдары жалғасуда, оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбай отыр.