Павлодарда бір қылмыскер 19 жастағы қызды төлем сұрап кепілдікке алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бір қылмыскер 19 жастағы қызды төлем сұрап кепілдікке алды

Павлодарда бір қылмыскер 19 жастағы қызды төлем сұрап кепілдікке алды

Павлодарда бір қылмыскер 19 жастағы қызды осындағы пәтерлердің бірінде қамауға алып, қыздың шешесінен босату құны ретінде 800 доллар талап еткен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-нан хабарлады.

  • 6 Тамыз 2003
  • 533
Фото - Caravan.kz

Адам тонаушы өзі айтқан жерге уағдалы мерзімде төлем құнын алуға келген жерінен полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қыз қамаудан босатылды. Аталмыш дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Осы аптада Павлодар облысында тағы бір осындай оқиға болып, 1987-жылы туған қыз кепілдікке алынды. Қылмыскерлер оны бір жай үйде екі күн бойы қамауда ұстап, төлем ретінде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша да тергеу амалдары жалғасуда, оқиғаның егжей-тегжейі жарияланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар