Павлодарда бір жергілікті тұрғын 25 литр морфинмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бір жергілікті тұрғын 25 литр морфинмен ұсталды

Павлодарда бір жергілікті тұрғын 25 литр морфинмен ұсталды

ПАВЛОДАР. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда бір жергілікті тұрғын 25 литр морфинмен ұсталды, деп хабарлайды Павлодар шекара отрядындағылар.

  • 12 Ақпан 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

Шекарашылардың айтуынша, өткен жексенбіде «Өрлітөбе» бақылау бекетінде Ресейдің Омбы облысынан Екібастұзға бет алған автобуспен келе жатқан жолаушылардың жүгін тексерген кезде Павлодар шекара отрядындының көлік құралдарын тексеру бөлімінің әскерилері күдікті сұйық құйылған бөтелкелері бар екі қорап тапты. Оқиға орнында жүргізілген шұғыл талдау оларға морфин құйылғанын көрсетті.

25 литрлік бөтелкелер салынған екі қораптың иесі автобуста келе жатқан Павлодар тұрғыны болып шықты. «Еркектің айтуынша, сұйықты ол Мәскеуде сатып алған және ол ағаш өңдеуге арналған»,- деп хабарлайды шекара отрядындағылар.

Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп босатылды. «Тәркіленген сұйықтық шығу тегі мен табиғатын анықтау үшін химиялық сараптамаға жолданды»,- деп хабарлайды отрядтағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті