Павлодарда бизнес серіктесін өлтірген күдікті Ресей аумағында ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бизнес серіктесін өлтірген күдікті Ресей аумағында ұсталды

Павлодарда бизнес серіктесін өлтірген күдікті Ресей аумағында ұсталды

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.

  • 27 Наурыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерацияның Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды.

— Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, биылғы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін тапқаны хабарланған еді.