Жол апаты кеше таңғы сағат 7.30 шамасында республикалық маңызы бар Павлодар-Құлынды тас жолының 90 шақырымында болған. «Шарбақты ауданы Алексеевка ауылында ауа райының қолайсыздығы салдарынан «ВАЗ -2104» автокөлігі жолдың жиегінде тұрған «ГАЗ -53″ жүк машинасымен соқтығысқан», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Соқтығысу салдарынан жеңіл автокөліктің ішінде отырған екі жолаушы Ресейдің Алтай өлкесі Ключи поселкасының тұрғындары 1966 жылы туған Илья Молодых және 1953 жылы туған Любовь Лысенко қайтыс болды. «Жигули» машинасының екі жолаушысы ресейлік Алексей Куликов 1953 жылы туған және 1987 жылы туған Ирина Павлова түрлі жарақатпен Шарбақты аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», деп хабарлайды ТЖД .
Қазіргі кезде ресейлік азаматтардың денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті