Павлодарда бұрынғы Фрунзе атындағы көшеге академик Әлкей Марғұланның есімі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бұрынғы Фрунзе атындағы көшеге академик Әлкей Марғұланның есімі берілді

Павлодарда бұрынғы Фрунзе атындағы көшеге академик Әлкей Марғұланның есімі берілді

Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары қаладағы Фрунзе атындағы көшеге бүгін, 11-мамырда 100 жылдық мерейтойы тойланатын академик Әлкей Марғұланның есімін беру туралы шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2004
  • 771
Фото - Caravan.kz

Көшенің атауын өзгерту туралы бастама көтерген Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері осындай шараға қатысты барлық шығындарды өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, академиктің 100 жылдық мерейтойын атап өту үшін бүгін облыс әкімі мен академиктің қызы Данеля Марғұлан Көктөбе ауылындағы академик отбасының рулық бейітіне барады. Бұдан кейін қонақтар академик Әлкей Марғұлан атындағы мұражай ашылған Көктөбе ауылдық мектебіне ат басын тірейді.
Содай-ақ, ғалым мерейтойы шеңберінде мамырдың 27 мен 29-ы аралығында облыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейлік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
28-мамырда Баянауылда республикалық ақындар айтысы мен ат жарысы ұйымдастырылады. Байқау жеңімпаздары «Волга» автокөлігімен марапатталады. Сондай-ақ, бұл күндері академик Марғұланның өмірі мен іс-қызметі туралы жеке веб-сайттың тұсаукесері өтеді деп күтілуде.
Академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, археолог, шығыстанушы, тарихшы әрі этнограф ғалым Әлкей Марғұлан Павлодар облысының Баянауыл ауылында туған.

Соңғы жаңалықтар