Павлодарда бұрынғы полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бұрынғы полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотқа тартылды

Павлодарда бұрынғы полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотқа тартылды

Павлодар қалалық №2 сотында бұрынғы полиция қызметкерлерінің жергілікті тұрғынға қарақшылық шабуыл жасағанына қатысты қылмыстық іс бойынша сот мәжілісі басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық соттан хабарлады.

  • 10 Мамыр 2005
  • 359
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылдың ақпан айында Павлодар қалалық оңтүстік ішкі істер бөлімінің екі патруль қызметкері жұмыс барысында, бірақ, өздеріне қарасты емес аумақта бір жаяу жүргіншіні тоқтатқан. Жігіт шамалы мас болса керек. Тәртіп сақшылары жігіттің денесіне тінту жүргізіп, қалтасынан шыққан ақша мен ұялы телефонды иемденіп алған. Бұған наразылық білдірмек болған адамды соққыға жығу салдарынан ол бірнеше мәрте ес-түсінен айрылады. Осыдан кейін өздерінің бұл оқиғаға қатыстылығын жасырмақ болған тәртіп сақшылары әлгі адамды бірнеше көлікке ауыстырып мінгізіп, қаланы біраз аралатып шыққан. Кейінірек оны басқарлардың соққысына жығылған адам ретінде Павлодар қалалық оңтүстік ішкі істер бөліміне алып келеді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленушінің миы шайқалып, ауыр дене жарақатын алған. Ішкі істер бөлімінен жұмыстан шығарылған бұрынғы тәртіп сақшыларының үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «алдын-ала бәтуаласу арқылы қарақшылық шабуыл жасау» жөніндегі 179-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Павлодар қалалық №2 сотынан хабарлағанындай, сот мәжілісі мамырдың аяғына дейін созылады.

Перейти к новостям спорта