«Жағдай өте шиеленісіп тұр», — деді агенттік тілшісіне берген сұхбатында «Павлодар облыстық транспортшылар одағы» қауымдастығының президенті Василий Рудаков. Оның айтуынша, көлік компаниялары отынға аса зәру болып отыр. Ал жұмыстарында пайда болған үзілістерден зиян шегуде.
В. Рудаков сондай-ақ, бағасы бұрынғы қалпында қалған жалғыз жанармай бекеттері «Гелиос» ЖШС тиесілі. Алайда, ол жерлерде солярканы тек талонмен беруде.
Облыстың транспортшылар одағы жетекшісінің айтуынша, бұл ретте ресми органдар әлі күнге дейін жағдайға түсініктеме бермеген және жүргізушілерді сабырға шақырмаған. Бұл жүргізушілерді онан сайын ширықтырып отыр.
Бірқатар жанармай құю бекеттерінің өкілдерінің айтуынша, жетіспеушілік жергілікті мұнай өңдеушілерге шикізат жетіспегендіктен пайда болған. Ал «Павлодар мұнай химия зауыты» АҚ өндірген өнім тікелей көктемгі егіс науқанына жөнелтілуде.
«Болып жатқан оқиғалар қалыптан тыс. Бұл халық арасында әлеуметтік шиеленістің тууына әкелуі ықтимал», — дейді жолаушылар және көлік тасымалымен айналысатын компания басшылары. Егер жағдай жақын арада оңалмаса, олар рұқсат етілмеген митингіге шығамыз деп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті