Павлодарда Достастықтағы ең үлкен Дата-орталық құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Достастықтағы ең үлкен Дата-орталық құрылады

Павлодарда Достастықтағы ең үлкен Дата-орталық құрылады

Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Павлодарда Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы ең үлкен Дата-орталығын құру мәселесін талқылады.

  • 1 Тамыз 2011
  • 494
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәліметтерді өңдеуге және оларды сақтауға арналған серверлермен жарақталған бұл үлкен кәсіпорын интернет-ресурс мәліметтерін жүйелеп-жинақтайтын, домендік адрестерді тіркейтін және ғаламторды пайдаланушыларға көптеген нақты және виртуальдық қызметтер көрсететін болады.

Бұрынғы АТС ғимаратында заманауи электрондық жабдықтар, микроклимат жүйесі, өрт сөндіруші автоматтық жүйе мен резервтік автономиялық энергия көзі жайғастырылады.

Дата-орталық үшін сейсмикалық қауіпсіздік және тұрақты негізде 3-5,4 мегаваттық электр қуатының берілуі маңызды, ал Павлодар өңірі елдегі электр қуатының негізгі өндірушісі.

Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына қарай бастап, 2012 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Қ.Есекеевтің айтуынша, Дата-орталықты халықаралық стандарттар бойынша сертификаттауға тағы 3-4 ай уақыт кетеді. Жобаның жалпы құны — 5 миллиард теңге.

Айта кету керек, Павлодар Дата-орталығына Google және Bloomberg сияқты ірі корпорациялар қызығушылық танытып отыр, ресейлік Yandex компаниясымен, басқа да шетелдік серіктестермен келісімдер жүргізілуде.

Павлодар облыстық әкімдігі мен «Қазақтелекомның» бірлескен бұл жобасы Қазақстанның Үдемелі-индустриялық-инновациялық бағдарламасына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар