Павлодарда джиу-джитсудан өткен республика чемпионатында ұлттық құрама жасақталды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда джиу-джитсудан өткен республика чемпионатында ұлттық құрама жасақталды

Павлодарда джиу-джитсудан өткен республика чемпионатында ұлттық құрама жасақталды

Павлодарлық бозбалалардан жасақталған команда осында еліміздің барлық облысынан 200 астам спортшының басын қосқан джиу-джитсудан өткізілген республиканың ашық чемпионатта «Иригуми-го» бөлімі бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

  • 10 Қараша 2010
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Файтинг» бөлімінде ересек спортшылар арасында Алматы облысының спортшылары жеңімпаз атанды. «Жеңіске деген ерік-жігері» арнайы сыйлығымен павлодарлық спортшылар Сағынбай Ақжол мен Мұрат Нұрекешов марапатталды. Ал «Үздік техника» аталымында атыраулық Альмир Хабасов пен қарағандылық Роман Брамонтов үздік шықты.

«Павлодарда республиканың үздік спортшылары анықталды, — деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚР ұлттық жоғарғы санаттағы арбитр — «рэнси» Дәулет Әлжанов. — Таңдаулылар ұлттық құрамаға кіріп, қараша айының соңында Санкт-Петерборда «Файтинг» бөлімі бойынша джиу-джитсудан өткізілетін әлем чемпионатына қатысады».