Сайысқа Павлодар облысындағы барлық аула клубтарының және спорт мектептерінің тәрбиенушілері, Астана, Қарағанды, Теміртау, Семей және Атырау қаларынан 1997-2003 жылдар аралығында туған барлығы 150 спортшы қатысады.
Джиу-джитсу бойынша сайысқа самбошылар, дзюдошылар, спорттың қазақша күрес және айкидо түрлерінің өкілдері қатысуда.
Спорттың жекпе-жек бойынша бұл бірегей түрінің мектебі Павлодарда бұрыннан қалыптасқан. Павлодарда джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі «Дос» балалар аулалық клубы спортшыларының бастамасымен өткізілуде.
Сайысты ұйымдастырушылардың қатарында — Жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығы, Павлодар әкімдігі мен білім беру бөлімі бар.