Павлодарда экология департаментіне қасақана өрт қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда экология департаментіне қасақана өрт қойылды

Павлодарда экология департаментіне қасақана өрт қойылды

Павлодарда экология департаментіне қасақана өрт қойылды. Қаскөйлер таң алакеуімде бастықтың жұмыс кабинетін жанармай толы шөлмектермен атқылаған.

  • 8 Қазан 2013
  • 270
Фото - Caravan.kz

Олар алдымен екінші қабаттағы терезені таспен сындырып, содан кейін төрт шөлмек жанармай қоспасын лақтырыпты. Облыстың бас экологы мұны қызметімен байланыстыруда. Қазірдің өзінде күдіктілер қатарында ірі көлемде айыппұл салынған жергілікті кәсіпкерлерден бастап, бұған дейін жұмыстан қуылған қызметкерлер бар. Істің ақ-қарасын полиция анықтап жатыр.


Қанат Қалмахан, Павлодар облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор:

— Барлығы қасақана жасалғаны анық. Мен мұны – ескерту деп түсінемін. Бәлкім, біреудің алдын кескен шығармын. Кім біледі?!