Павлодарда экс-әкім Арынның кеңесшісі мерзімінен бұрын түрмеден шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда экс-әкім Арынның кеңесшісі мерзімінен бұрын түрмеден шықты

Павлодарда экс-әкім Арынның кеңесшісі мерзімінен бұрын түрмеден шықты

Павлодарда облыстың экс-әкімі Ерлан Арынның кеңесшісі болған Төлеген Бәстенов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Ірі көлемде пара алды деп айыпталған шенеунік былтыр 3 жарым жылға сотталған.

  • 23 Қыркүйек 2015
  • 296
Фото - Caravan.kz

Төлеген Бәстенов Павлодарда жаңа мектеп тұрғызуға жарияланған тендерде  жеке компанияның жеңіске жетуіне көмектеспек болған. Сөйтіп, кәсіпкерден 8 млн 700 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланып, ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып, сот жалпы тәртіптгегі колонияға жіберген болатын. 1 жыл 9 айдан кейін 64 жастағы Бәстеновті түрмеден босатты. Ал 8 ай тергеу абақтысында отырған Ерлан Арынның да былтырғы қараша айында сот залынан бостандыққа шыққанын айта кетейік. Жемқорлыққа қатысты үш бірдей бап қысқартылып, «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен ол тек 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді. Ал Ерлан Мұхтарұлымен талай істі бірге тындырған кеңесшісі Бәстенов темір торда да құр жатпапты. Колониядағы қоғамдық жұмыстарға қатысып, кір жуу бөлмесінде де қызмет атқарған екен.

Мәдени  шаралардан қалған емес. Соңғы рет Конституция күнінде ашық есік күнін өткіздік. Соған атсалысты.

Соңғы жаңалықтар