Павлодарда экстремистік сипаттағы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтарын таратып жүрген төрт адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда экстремистік сипаттағы  "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтарын таратып жүрген төрт адам ұсталды

Павлодарда экстремистік сипаттағы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтарын таратып жүрген төрт адам ұсталды

Павлодарда экстремистік сипаттағы "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнпарақтарын таратып жүрген төрт адам ұсталды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

  • 24 Қараша 2003
  • 471
Фото - Caravan.kz

21-қарашада Павлодардағы МәшҺүр Жүсіп атындағы орталық мешіт өңірінде экстремистік сипаттағы «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының үнпарақтарын сопылар арасында таратып жүрген төрт адам ұсталды.

Олардан «Американдықтардың Өзбекстанға келу себебі неде?» деген тақырыппен басылған мәтіні бар, «Хизб-ут-Тахрир-Өзбекстан» деп қол қойылған 75 үнпарақ алынды. Мәтінде Өзбекстан басшылығына бағынбауға шақырған, сондай-ақ, ұлтаралық және дінаралық араздықты қоздыруға бағытталған үндеулер жарияланған.
Алдын-ала болжам бойынша үнпарақтардағы үндеулер мәтіні компьютерде қазақ және араб тілдерінде теріліп, лазер принтермен басылған көрінеді. Үнпарақтардағы мәтін қате жазылғанына қарағанда, оны қазақ тілінің ережелерін шала білетін адам өзбек тілінен тәржімалағанға ұқсайды.
Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ұсталған адамдар — 20-28 жас аралығындағы әр ұлт өкілдерінен құралған Павлодар тұрғындары. Қазір тұтқындар полиция бөлімшесінде қамауда отыр, аталмыш дерек бойынша тексерулер жалғасуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осындай үнпарақтар Павлодарда бұған дейін де табылған болатын. Үнпарақтар Орталық мешіт пен С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет ғимаратында, сондай-ақ, қала көшелерінде таратылған. Бұл оқиғаларға да ұсталған жастардың қатысты болу мүмкіндігі зор.
Ұсталған жігіттер исламдық экстремистік сипаттағы «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының мүшесі ме, жоқ па дегенді ендігі жерде полиция анықтайды. Ресми көздердің ақпаратына жүгінсек, ұсталғандардың үшеуі істеген істерін мойындап, үнпарақтарды ақшалай марапат үшін емес, саналы түрде таратқандарын жеткізді.
Павлодарда 300 мыңдай адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар