Павлодарда электр қуаты қымбаттады
- Павлодарда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі орташа алғанда 2,45%-ға артты. |
Электр плитасын пайдаланатын тұтынушылар үшін, электр қуатын пайдаланудың бірінші (төменгі) деңгейі үшін тариф 8,43 теңгеден 8,64 теңгеге дейін қымбаттады, - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлімдеді.
Екінші деңгей тарифі (ортаңғы) 10,89 теңге болатын, ол 11,16 теңгеге артты. Үшінші (жоғарғы) деңгей үшін тариф 13,61 теңгеден 13,94 теңгеге артты.
Тарифтің өсуі «Павлодарэнерго» АҚ құрамына кіретін ЖЭО-2, ЖЭО станцияларында электр қуатының жіберу бағасының қымбаттауымен байланысты. Павлодарда электр қуаты төлемінің сараланған жүйесі пайдаланылады.
Заңды тұлғалар үшін күндізгі тұтыну кезеңінде тариф 11,89 теңгені құрап, 12,20 теңгеге өсті, ал түнгі тұтыну тарифі 3,29 теңгені құрап, 3,37 теңгеге дейін өсті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін